Қазақстанда неліктен кадр тапшылығы орын алды?

Қазақстандағы жұмыс берушілер кадр тапшылығын сезінуде

    поделиться
Автор: Алиса Иванова 27-10-2021

 

Көп салада білікті мамандар тапшы. Mybusiness.kz порталы мәселенің себептерін талқылап, кадр тапшылығын болдырмау үшін не істеу қажеттігін анықтады.

Әлемдік жұмыссыздық деңгейі 2018-2019 жылдардағы 5,4%-бен салыстырғанда 2020 жылы 6,5%-ға, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ға дейін өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, өткен жылы Қазақстанда жұмыспен қамтылған халық саны 8,8 миллион адамды, жұмыссыздар саны – 441 мың адамды құрады.

#Қайда кадрлар жетіспейді

Адамдардың басым бөлігі сауда, автомобиль және мотоцикл жөндеу, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық шаруашылығы және білім беру, өнеркәсіп пен құрылыс салаларында жұмыс істейді. Бұл ретте күзетші, қазандық операторы, патрульдік инспектор, медбикелер мен мейіргерлер, тәрбиешілер сияқты мамандықтар жетіспейді. Бірақ заңгерлер, жалдамалы мамандар, экономистер, малшылар, қаржыгерлер көп.

Заңгерлер, жалдамалы мамандар, экономистер, малшылар, қаржыгерлер көп

Биыл «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кадр қажеттілігіне қатысты сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 24,5 мың субъект қатысты. 10,2 мың кәсіпкер кадр тапшылығын көріп отырғандығы анықталды. Оларға барлығы 35,8 мың адам қажет.

Ең көп сұраныс, яғни 79% жұмысшыларға түседі: қара жұмысшылар, сатушы, аспаз, тігінші, тракторшы – механизатор, бухгалтер, құрылысшы, жүргізуші, кірпіш қалаушы, дәнекерлеуші ​​және т.б. Пандемияға дейін бұл көрсеткіш жалпы қажеттіліктің 86%-ын құраған.

Кадр тапшылығының салдарын болжау қиы

«Атамекенде» орын алған жағдайдың себептерін атады. Ведомствоның пайымдауынша, мәселе жалақының төмендігінде, халықтың көші-қонында, пандемия салдарынан шетелдік күштер ағынының азаюында, персоналдың «қартаюында», мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру мен бөлуді үйлестірудегі аса қажеттілікте. 

Бұдан бөлек, мәселе жұмысшы кәсіптерінің (ауыр физикалық еңбек) төмен тартымдылығында.

Мәселен, «Атамекен қолдау орталығы» мобильді жұмыспен қамту орталықтарының психологтар қызметінің мәліметінше, 56% басшылық қызметте жұмыс табуды қалайды, ал тек 14% ғана дене еңбегіне бейім. 

«Кадр тапшылығының салдарын болжау қиын, бірақ қазірдің өзінде орын алған беталыс бизнес тиімділігінің төмендеуіне, сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігінің шиеленісуіне, кадр тапшылығына байланысты кәсіпқойлық күйзеліске әкелуі мүмкін», - деп санайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасында.

#Кім кінәлі? Коронавирус па, цифровизация ма? 

Еңбек министрлігінің Адам ресурстарын дамыту орталығында қазіргі кездегі кадр тапшылығының басты себебі коронавирустық пандемия және жасанды интеллекттің енгізілуі деп аталды.

«2020 жылы әлем бойынша әрбір бес жұмысшы үйден жұмыс істеуге мәжбүр болды, ал ЕО елдерінде қызметкерлердің 40% «қашықтан жұмыс істеуге» ауысты. Еңбек нарығы болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге мәжбүр болды. Көптеген кәсіпорындарда қызметкерлерді қысқарту немесе қызметкерлерді мерзімсіз демалысқа жіберу, жұмыс уақытын қысқарту немесе қызметкерлерді қашықтан жұмыс форматына ауыстыру қажеттілігі туындады», - дейді Орталықта.

Мысалы, Қазақстанда уақытша жұмыссыздар саны 2020 жылдың екінші тоқсанында 129 мыңнан 536 мың адамға дейін төрт есеге өсті. Сондай-ақ, Қазақстанда бір әрекеттегі ШОБ субъектісі бар болғаны 2,5 жұмыс орнын, ЭЫДҰ елдерінде орта есеппен 7 жұмыс орнын құрады.

Бұдан бөлек, Қазақстанда жұмыс орындарының 52%-ы автоматтандырудың жоғары немесе елеулі тәуекеліне ұшырайды, ЭЫДҰ бойынша орта есеппен – 47%-ы.

Айта кетелік, «Атамекен» бұл ұсыныстарды мемлекеттік органдар мен үкімет алдында жариялады.

Еңбек министрлігі 2020 жылдан бастап дағдарыс кезінде азаматтарды жұмыспен және табыспен қамтамасыз ету үшін жаңа екі жылдық Жұмыспен қамту жол картасы жүзеге асырылып жатқанын хабарлады. Мәселен, өткен жылы 239 мың адам жұмыспен қамтылған. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тағы 319 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Биыл тағы кемінде 700 000 адамға оқыту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және бизнеске тарту арқылы жұмыс тауып, табыстарын арттыруға қолдау көрсетіледі.

#Цифровизация салдарынан жұмысын қысқартуға қандай салалар көбірек ұшырайды

Жойылып кетудің ең жоғары қаупі - болжамды және әдеттегі кәсіптер, оларда біліктілік деңгейі орташа жұмысшылар ең көп жұмыс істейді. Автоматтандыруға ең қолайлыларға - банк, өндіріс, тасымалдау және сақтау салалары жатады.

Мысалы, өңдеу өнеркәсібінде тек роботтарды пайдалану 20 миллионға дейін жұмыс орнын жоғалтуға алып келеді. 

«Банк операциясы жұмыскерінің жұмысын біртіндеп банкоматтар алмастыруда. Бұрын оның көмегімен жасаған операциялар үшін бізге енді оператор қажет емес: не интернет арқылы өзіміз жасаймыз, не банкке келіп банкомат арқылы жасаймыз. Бірақ егер біз қолайсыз ауа-райында және көше шалшықтарынан кейін банкке кірсек, аяқ киімімізден лай ағып кетсе, артымыздан швабралары бар екі тазалаушы дереу осы балшықты тазалауға жүгіреді. Ал бұл күнделікті емес, өте қарапайым, өте білікті емес жұмыс автоматтандырыла алмайды - капиталмен ауыстырылмайды», - дейді Владимир Гимпельсон, Жоғары Экономика мектебі жанындағы Еңбекті зерттеу орталығының директоры.

 Адам ресурстарын дамыту орталығының мамандары қазір когнитивті, әлеуметтік-мінез-құлық және цифрлық дағдылар бірінші орында тұрғанын айтады. Сонымен қатар, «білімдер экономикасының» қалыптасуы жағдайында шығармашылық пен «жұмсақ» дағдылардың да құндылығы артып келеді (soft skills). 

Ересектердің дағдыларын шолу қазақстандық жұмысшылардың 12,6%-ы кешенді тапсырмаларды қамтитын қызметке ешқашан тартылмағанын көрсетті.

Ескі жұмыс орындарының жойылып, жаңа жұмыс орындарының пайда болуымен қатар, еңбек ресурстарын даярлау деңгейіне қойылатын талаптар да өзгеруде.

Жұмыс берушілер қазірдің өзінде қызметкерлерден сыни тұрғыдан ойлау және талдау, мәселелерді тез және тиімді шешу қабілеті, көшбасшылық және эмоционалдық интеллект, сондай-ақ белсенді оқу, күйзеліске төзімділік және икемділік сияқты өзін-өзі басқару дағдыларымен қатар, күрделі білімдер мен құзыреттерді талап етуде.

Бұл баяндама Америка халқының көмегі арқасында Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы" аясында дайындалды.

MyBusiness.kz ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Америка Құрама Штаттары үкіметінің немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін. USAID әлемдік жетекші халықаралық даму агенттігі және тұрақты дамуға қол жеткізу катализаторы болып табылады. USAID АҚШ ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономикалық өркендеуді арттыру бойынша жұмыс атқарады, америкалықтардың жомартығын көрсетеді әрі тұрақты дамуға үлес қосады.

КОММЕНТАРИИ
0
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Google компаниясында жұмыс істеген қазақ қызы қазір қайда жүр?

Назерке Қалидолданың есімі көпшілікке жақсы таныс. Қазір елге оралып, түрлі жоба жасап жүрген Назеркемен еліміздегі ІТ саласының жай-күйін талқыладық.

Әке жолын қуу оңай ма, әлде өз кәсібіңді дөңгелету оңай ма
15-10-2021– Зеріп Қосым

Ірі отбасылық кәсіптегі стереотиптер мен инженер мамандығы және зауыттардың құрылысы туралы Сұлтан Ілиясовпен сұхбат

Алыстағы ағайыннан, жаныңдағы әріптес жақын
14-10-2021– Зеріп Қосым

Қазақстандық компания өз қызметкерлеріне пәтер алып береді, отбасылық демалысқа аттануға қолдау көрсетеді десе, сіз сенер ме едіңіз? 

Эльмира Мусина – батыр ана, кәсіпкер әйел келбеті

Отбасы мен кәсібін қатар дөңгелетіп отырған іскер әйел. 

Адамдарға жылулық беріп табысқа жеткен батыл қыз
27-09-2021– Зеріп Қосым

Осы мақаланың кейіпкері Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласы әйел келбетіне ие екендігін дәлелдейді. 

Мәулен Ахметов: «Менталды ауытқуы бар жандарда өмірге деген құлшыныс жоғары»

Қазақстандағы алғашқы әлеуметтік кафесінің негізін қалаушысымен сұхбаты

Подписаться на рассылку
Подписывайтесь на рассылку свежих материалов от нашего сайта и будьте знакомы с интересными людьми нашей страны, а также полезными рекомендациями и лайфхаками!